ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Бұл қызметті енді Данияр Уахитов атқарады

Ол бұған дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа басшысы облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов таныстырды.
Данияр Асқарұлының еңбек өтілі – 17 жыл, оның 9 жылы мемлекеттік қызмет саласында. Енді оған ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ретінде аса маңызды және жауапты міндет жүктеліп отыр – бұл жолаушылар көлігінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды уақтылы әрі сапалы жөндеу, сондай-ақ өңірде жаңа жол магистральдарын салу, – деді облыс әкімі, сонымен қатар, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
Данияр Асқарұлы – С. Аманжолов атындағы ШҚУ мен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ (магистратура) түлегі.
2006–2023 жылдар аралығында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, "ФА" "Альянс Финанс" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС, Белоусов байыту фабрикасының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті және тау-кен-металлургия кешені қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымында еңбек еткен.
Сондай-ақ, Данияр Уахитов Ұлан ауданына қарасты Таврия ауылдық округінің әкімі, Қарағанды облысы Нұра кентіндегі Нұра ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2023 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.