Күршім ауданындағы ауылдардың бірінде жаңа амбулаторяи ашылды
Екі жүзден астам тұрғыны бар Жолнұсқау ауылында жаңа амбулатория пайдалануға берілді
Бұрынғы амбулаторияның ғимараты апатты жағдайда тұрғандықтан, жаңа ғимарат салынды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жаңа амбулаторияның құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылған.
Медициналық амбулатория барлық қажетті техникалармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Амбулаторияның жобалық қуаты 220-дан астам адам тұратын Жолнұсқау ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жеткілікті. Тұрғындар ауылдан тыс жерлерге бармай-ақ, медициналық қызметтердің көптеген түрлерін ала алады, - деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.