Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +12°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
533.75
¥
67.85
5.36
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Талғат Қамзин ішкі істер органдарында ширек ғасырға жуық қызмет етуде

Биыл ел тыныштығын күні-түні күзетіп, қоғамдағы тәртіпті қадағалап жүрген полиция қызметінің құрылғанына 32 жыл толды

Усть-Каменогорск и ВКО / Талғат Қамзин ішкі істер органдарында ширек ғасырға жуық қызмет етуде
Фото:
Т. Қамзиннің жеке мұрағатынан

Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелерде қызмет істейтін полиция қызметкерлері 23 маусым күні төл мерекелерін атап өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл кәсіби мереке 1992 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Заңмен тығыз байланысты. Заң Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін айқындайтын алғашқы құқықтық акт болып табылады.

2007 жылы 5 маусымда "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" ҚР Заңының қабылданғанына 15 жыл толуына орай елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымды - Полиция күні деп бекітті.

Қазақстан Полициясы күні - полиция қызметкерлері мен полиция ардагерлерінің еңбектерін ескеріп, оларға ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Бұл күні әсіресе заңбұзушылармен тікелей жұмыс істеп, алдыңғы шепте жүретін тәртіп сақшылары мақтау-мадаққа ие болып жатады. Ал кей қызметкерлердің еңбегі көп елене бермейді. Мәселен, полиция бөлімдерінде кадр саясаты бөлімшелері бар. Кадр бөлімдерінің мамандары ішкі істер органдары қызметіне қызығушылық ояту мақсатында жастармен кездесіп, болашақ полиция қызметкерлерін қабылдап, білімді де білікті мамандар даярлайды.

Кадр саясаты - Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыратын бағыт.

Бұл бағыттың басты міндеттері:

  • мемлекеттік кадр саясатының құрамдас бөлігі ретінде ІІО-ның жүйесінде бірыңғай кадрлық саясатты жүзеге асыру;

  • кадр қызметін жоспарлау және мониторингілеу, кадрларды басқарудың ақпараттық жүйесін дамыту;

  • ІІО жүйесін реформалау және дамыту бойынша қызметті ұйымдастыру;

  • ІІО жүйесінде бірыңғай ұйымдастырушылық-штаттық саясатты іске асыру;

  • ІІО-да қызмет өткеруді ұйымдастыру;

  • ІІО-ның жүйесінде ведомстволық білім беру саласындағы саясатты іске асыру;

  • ІІО-да кәсіби және идеологиялық дамытуды ұйымдастыру.

Өскемен қаласында осы бағытта тер төгіп жүрген жандардың бірі - Талғат Қамзин. Полиция подполковнигі - полициялар отбасылық династиясын жалғаушы. Әкесі Мәлік Қамзин да ұзақ жылдар бойы ШҚО ішкі істер органдарында істеп, құрметті еңбек демалысына шыққан.

Менің әкем Мәлік Қамзин 1997 жылы осы ішкі істер органдарынан құрметті еңбек демалысына шыққан. Әке жолын қуып мен де форма киіп, ішкі істер органдарында қызмет етуді армандадым. Сондай-ақ менің қарындасым Раушан Қамзина да қазіргі таңда осы Өскеменде аға тергеуші болып істейді, - дейді Талғат Мәлікұлы. - 2002 жылы ҚР ІІМ қарасты Семей заң колледжін бітіріп, Өскемендегі Үлбі полиция бөліміне жұмысқа орналастым. Алты жылдай қызмет етіп, ГАИ-ге ауыстым. Әр жылдары учаскелік полиция қызметкері, қалалық батальон командирінің орынбасары, жергілікты полиция қызметінің басшысы, жедел басқару орталығы басшысының орынбасары қызметтерін атқардым. Қазіргі таңда екі жылдай  Үлбі аудандық полиция бөлімі басшысының кадр саясаты жөніндегі орынбасары лауазымындамын.

Талғат Мәлікұлы ішкі істер органдарында 24 жылдан астам уақыт бойы адал еңбек етіп келеді.

Полиция қызметкері азаматтарға уақтылы дұрыс көмек көрсете алуы керек, олардың конституциялық құқықтарын қорғап, әр іс бойынша тиянақты іс-әрекет етуге міндетті, - дейді полиция подполковнигі. - Ішкі істер органында істейтін азаматтар физикалық тұрғыдан да мықты, білімді, логикалық ойлау қабілеті озық болуы керек. Ал қазіргі қызметім тікелей кадр саясатымен байланысты болғандықтан  мектеп, университеттерге барып, жастармен кездесіп, олардың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ішкі істер органдарының қызметін насихаттау, жеке құраммен жұмыс жасап, тәрбиелеу сынды міндеттерді атқарамыз.

Қазіргі таңда Үлбі аудандық полиция бөлімінде 215 полиция қызметкері бар. Олардың әрқайсысы өздеріне жүктелген қызметті адал атқарып, қала тыныштығын, халықтың қауіпсіздігін сақтауға атсалысуда.

Жалпы полицияның жұмысы айқын көрінеді. Қарапайым ғана мысал - халықтың көшеге еркін шығып, еркін жүре алуы, балалардың алаңсыз ойнауы. Бұл дегеніміз қалада тәртіп бар. Ал бұл тәртіпті полиция қызметкерлері қамтамасыз етіп отырғаны анық, - дейді Талғат Мәлікұлы.


Следующая →