Аманат ауылында жаңа амбулатория
Күршім ауданындағы ауылдардың бірінде жаңа амбулатория пайдалануға берілді
Аманат ауылындағы амбулатория ғимараты апаттты жағдайда болған. Сол үшін де амбулатория ескі ғимараттан жаңа ғимаратқа көшірілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Күршім ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйенсек, мекеменің құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды.
Медициналық амбулатория барлық қажетті техникалармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған. Амбулаторияның жобалық қуаты 250-ден астам адам тұратын Аманат ауылының тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жеткілікті, - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Тұрғындар ауылдан тыс жерлерге бармай-ақ, медициналық қызметтердің көптеген түрлерін өз ауылдарында ала алатынына риза.