Өскемен
Қалың бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
    +1°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
    -5°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +6°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -10°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -16°
  • Тараз
  • Түркістан
    +11°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +10°
$
502.6
+5.04
589.95
+3.03
¥
73.03
+0.48
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да 22 жағажайда демалуға рұқсат етілген

Олар Өскемен, Риддер қалалары мен Ұлан және Алтай аудандарында

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да 22 жағажайда демалуға рұқсат етілген
Фото:
Устинка LIVE

Ал шомылуға тыйым салынған орындар саны – 74,  деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы жазғы кезеңде облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес облыс бойынша жаппай демалуға арналған 22 учаске анықталғанын айтты.

Бұл учаскелерде 1 муниципалды (Ұлан ауданы), 5 коммуналдық (Өскемен қаласы - 2, Риддер қаласы - 1, Алтай ауданы - 2) және 4 жеке жағажай (Ұлан ауданы) жұмыс істейді, - деді Қуатбек Кенжебекұлы. - Облыстық мәслихат сессиясының шешімімен шомылуға тыйым салынған 74 орын және шағын көлемді кемелерде жүзуге тыйым салынған 29 орын анықталды.

Өткен жылдың шомылу кезеңде 6 адам суға батып кетті. Олар шомылуға жабдықталмаған жерлерде суға түскен: Бұқтырма су қоймасының аумағында 3 адам, Зайсан көлінде 2 адам, Глубочанка өзенінде 1 адам суға батып кетті.

Ағымдағы жылы шомылу маусымы басталғанға дейін жағажайлардың түбін тексеру, арнайы қалтқылар, ескерту белгілері, үгіт стендтерін қою жұмыстары жүргізілетін болады, - деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы. - Балалар лагерлері мен демалыс базаларының иелері шомылу маусымы басталғанға дейін су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес іс-шаралар өткізуі қажет.

Следующая →