"Күршім-Қалжыр-Ақсуат" жолы жабық
Облыстық маңызы бар жолдың 0-47 шақырымын тасқын су шайып кетті
Осыған байланысты аймақта барлық көлік түрлері үшін жол жабылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"ОблШығысЖол" ЖШС ақпараты бойынша, тасқын су басуына байланысты 12 сәуір күні сағат 12.00-ден бастап облыстық маңызы бар "Күршім-Қалжыр-Ақсуат" жолының 0-47 шақырымы барлық көлік түрлері үшін жабылды.
12 сәуірде қатты жауын-шашынның салдарынан Күршім ауданындағы Қалғұты өзенінің суы арнасынан асып, жазық аумаққа жайылған. Күршім ауданы әкімдігінің хабарлауынша, облыстық маңызы бар "Күршім-Ақсуат" жолының 23 км шақырымында тас жолды шайып кету қаупі төнгендіктен, жиналған суды өткізуге арналған арна салынды. Жол Аманат, Жолнысау және Ақсуат елді мекендерін жалғайды.
Қазір тұрғындар ауылдарға айналма жолмен жетеді. Аталған елді мекендерде барлығы 705 адам тұрады.
Қалғұты өзені көтеріліп, Күршім-Ақсуат жолының 20-шы шақырымында 60 метр жолды су шайды. Бұл жолда "ОблШығысЖол" ЖШС 6 техникасы жол жөндеуге қажетті материалдарды тасып жатыр. Ақсуат, Жолнұсқау ауылдарының тұрғындары аудан орталығына Аманатауылы арқылы қатынас жасай алады. Екі жақтан да жол уақытша жабылып, полиция бекеттері қойылды, - деді ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппарат басшысы Сәндібек Дүзбаев.