Алтай ауданында сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс істеп тұр
Алтай ауданында болған ШҚО әкімі Ермек Көшербаев ауданда жұмыс істеп тұрған карьерден суды сору станциясының жұмысымен танысты
Бұрынғы кен орнындағы қалдық және артық суды шығарып отырған станция 2010 жылы іске қосылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.
Айта кетсек, кен орнының жұмысы тоқтатылғаннан кейін, карьерде су жиналып, шағын көл пайда болған. Жергілікті елді мекенге қауіп төнбес үшін су мөлшері қауіпті деңгейден асқаннан кейін, сорғы станциясы іске қосылып, артық суды ағызып отырады.
Қазіргі су тасқыны кезеңінде қауіптің алдын алу үшін сорғы станциясы тәулік бойы жұмыс жасап тұр. Одан бөлек жергілікті әкімдік бөгет салып, су өткізуші құбыр орнатқан. Сондай-ақ, алдағы уақытта қосымша станция салу жоспарын немесе су өткізуші жер асты канал салу жұмысын ойластырмақ.