Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ауыл медицинасын жаңғырту: биыл Күршім ауданындағы 5 медпункт жөнделеді

Күршім аудандық ауруханасында соңғы жылдары заманауи құрылғымен жабдықталған бірнеше кабинет ашылды

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Ауыл медицинасын жаңғырту: биыл Күршім ауданындағы 5 медпункт жөнделеді
Фото:
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен

Өткен жылы қажетті медициналық аппараттардың бірқатары алынса, биыл алынатын жаңа жабдықтар саны тағы да арта түспек, деп хабарлайды Устинка LIVE.

ӘМСҚ ШҚО филиалының ақпараты бойынша, қазіргі таңда аудандық аурухананың құрамында 8 емдеу амбулаториясы, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және 30 медициналық пункт бар, 54 дәрігер және 234 медбике еңбек етеді.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Ләйлім Шоқаева дәрігерлердің біліктіліктерін арттырып, білімін жетілдіру үшін шетелге оқуға жіберіп отырады. Мәселен, өткен жылы анестезиолог-реаниматолог Қуандық Темірғалиев Латвия Республикасына барып келді.

Халқымыз ежелден жан мен тәннің саулығын айрықша орынға қойып, басты назарға алған. Бірінші байлық – денсаулық. Ал денсаулық еліміздің белсенді дамуына, экономикасына, әсіресе әлеуметтік жағдайының жақсаруына ықпал ететіні сөзсіз. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы аудандарда жаңашыл әдістер мен озық технологияларды дамыту ісін қолға алды. Себебі халық саулығына келгенде қала мен дала, аудан мен ауыл адамы болып бөлінбейді. Белгілі бір істе жетістікке жету сала жұмысына дұрыс бағыт беріп, басқара білетін басшыға тікелей байланысты. Осы жөнінен алғанда бас дәрігер Ләйлім Алтынғазықызының еңбегі ерекше. Жетілдірген білімім арқылы науқас жандардың дертінен айығып, қатарға қосылуы үшін барынша күш саламын, - дейді анестезиолог-реаниматолог Қуандық Қазезбекұлы.

Айта кетейік, ауданда 2021 жылы 392 бала дүниеге келсе, 2022жылы 332 бала дүние есігін ашты. 2021 жылы перзентхана бөліміне 252 млн теңгенің құрал-жабдығы сатып алынса, 2022 жылы 118 млн теңгенің рентген аппараты сатып алынды.

Былтыр аудандағы перзентхана, соматика, операция бөлімдеріне, Теректібұлақ аулындағы медициналық пунктіне күрделі жөндеу жүргізілсе, Марқакөл ауылындағы емдеу амбулаториясын күрделі жөндеу үшін сметалық жобасына қаржы бөлінді. Сондай-ақ, "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында Қалжыр ауылындағы күндізгі стационар құрылысына 229,6 млн теңге бөлінді.

"Ауылдық денсаулық саласын модернизациялау" пилоттық жобасы шеңберінде 2023 жылы бес медициналық пунктінде құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Жөндеу жұмыстары Аманат, Жолнұсқау, Маралды, Ақжайлау, Ұрынхай ауылдарында жоспарланған.


Следующая →