ШҚО-да ереже бұзған көлік жүргізушілерінен 26 млн теңге өндірілді
Тәртіп сақшылары жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей жүрген борышкерлерді ұстап жүр
Өңірде “Борышкер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.
Шығыс Қазақстан облысында айыппұл салу туралы қаулыларды уақытылы орындау, апаттылықтың алдын алу және жазаның бұлтартпастығы қағидатын орындау мақсатында “Борышкер” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. - ЖПІШ аясында облыс аумағында “Қорғау” мобильдік қосымшасының көмегімен, сондай-ақ прокуратура өкілдерін және жеке сот орындаушыларын тарта отырып, тәртіп сақшылары борышкерлер мен жол жүрісі қағидаларын қасақана бұзушыларды анықтайды. Іс-шараны өткізудің жеті күнінде 1981 әкімшілік істер бойынша 25,9 миллион теңге өндірілді. Айыппұлы төленбеген 51 көлік мамандандырылған автотұрақтарға қойылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті 96 мыңнан астам құқықбұзушылықты анықтады. Оның ішінде бүгінгі күнге дейін 116 млн теңгеден астам сомаға 17 мың қаулы өндірілмеген күйінде қалып отыр.
“Борышкер” ЖПІШ ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.