Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +17°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +31°
$
479.03
+1.99
523.39
+2.61
¥
66.73
+0.20
5.31
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданында 3500 адамның медициналық сақтандыруы жоқ

ШҚО МӘМС Қоры филиалының директоры Күршім ауданының тұрғындарымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданында 3500 адамның медициналық сақтандыруы жоқ
Фото:
ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметінен

Қазір ауданда халық саны 21 мыңнан асады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аудан тұрғындарының 3511-інің әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесі жоқ. Соның салдарынан бұл азаматтар қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық медициналық қызметтер, жоспарлы ауруханаға жатқызу, оңалту сынды т.б. медициналық қызметтеріне қол жеткізе алмай отыр.

Облыстық ӘМСҚ филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев МӘМС-ке төлемдер 12 ай ішінде жүргізілуі тиіс екенін еске салды. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерді қоспағанда. Біріңғай жиынтық төлем жасайтындар үшін "сақтандырылған" мәртебесі 3 айлық тұрақты төлемдерден кейін тағайындалады. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары бар болғаны 1 725 теңге (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары мен облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін – 3 450 теңге) төлеп, міндетті медициналық сақтандыруға ғана емес, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналарына, табыс салығына, әлеуметтік аударымдарға осы төлем ішіне еніп отыр. Өздігінен төлеушілер жарнаны бір жыл бұрын төлеуге мүмкіндігі бар. Мысалы, 2023 жылдың ақпанынан 2023 жылдың қаңтарына дейін (3500 теңге х 12 = 42 000 теңге). Кездесу барысында азаматтар міндетті медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өз сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелерді ортаға салды.

Бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі, бұл жиын ауданымыздың өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, маусымдық жұмысшыларды МӘМС жүйесіне тарту бойынша атқарылуы қажет жұмыстардың тетіктерін толығырақ көрсетті. Әрбір мемлекет өзінің азаматтарына қол ұшын беріп, денсаулығын сақтандыруға кепілдік береді. Жұмыс берушілер немесе кәсіпкерлер қол астындағы еңбеккерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыруға мүдделі болса, қарапайым халық өз денсаулығына өзі ұқыптылықпен қарап, дер кезінде дәрігерге қаралуы тиіс, - деді аудан әкімі Алмат Ақышов.


Следующая →