Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданындағы перзентхана бөлімі жөндеуден өтті

Енді перзентхана бөлімі бұрынғы соматика орналасқан ғимаратта болады

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданындағы перзентхана бөлімі жөндеуден өтті
Фото:
pexels.com

Күршім аудандық орталық ауруханасында перзентхана бөлімі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Күршім аудандық әкімдігі жариялаған ақпаратқа сүйеніп.

Перзентхана бөліміне күрделі жөндеу жүргізу 2019 жылдан бері жоспарда тұрған. Жөндеу жұмыстары өткен жылы қолға алынып, бөлім 6 ай бойы хирургия бөлімінің ғимаратына уақытша орналастырылды. Ал бүгінгі күні заманауи талапқа сай күрделі жөндеу жүргізіліп, перзентхана емделушілерді қабылдауда. Перзентханадағы 8 төсектің бесеуі босанған әйелдерге арналса, үшеуі патологиясы бар әйелдерге тиесілі.

Перзентхана бөлімінің меңгерушісі Замира Маулетханқызының айтуынша, 2022 жылы 332 бала дүниеге келген. Биылғы жылдың 13 қаңтарына дейін 9 бала дүние есігін ашқан. Бөлімде үш гинеколог, екі неотолог, төрт акушер, бес медбике, бес қамту қызметкері бар. Сондай-ақ, бөлім толықтай қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2022 жылы нәресте мониторы, ИВЛ аппарат, ашық нәресте реанимация аппараты, фото лампа, инфузомат, трансформер төсек сынды құралдар сатып алынған.

Следующая →