Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданында салынып жатқан көпірге тағы 20 млрд теңге қарастырылмақ

Келесі жылы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысына қосымша 20 млрд теңге қарастырылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданында салынып жатқан көпірге тағы 20 млрд теңге қарастырылмақ

Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлады Устинка LIVE ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір өткелінің құрылысы» жобасының бастапқы құны 30,2 млрд теңгені құрады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты бойынша құрылыс материалдарының құнының өсуіне байланысты биыл тамыз айында осы көпір құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы түзетіліп, жобаның құны 61,4 млрд теңге болды, - деп атап өтеді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-министрдің дерегінше, 2022 жылға дейін жоба бойынша 19,2 млрд теңге немесе 31 пайыз бөлінді.

Жұмысты жалғастыру үшін 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте 5 млрд теңге қарастырылған.

Жұмысты уақтылы аяқтау мақсатында 20 млрд теңге сомасында қосымша қаржыландыру 2023 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қаралады. 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде 17,2 млрд теңге мөлшеріндегі қаржыландыру қалдығы қарастырылады, - деді Әлихан Смайылов.

Следующая →