Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Марқакөл маңынан сақ патшасы жылқысының алтын ат әбзелдері табылды

Археолог Зейнолла Самашев Күршім ауданындағы Марқакөл ауылдық округінің Ақжайлау ауылы маңында элиталық қорғанның қазба жұмыстары барысында маңызды жаңалық ашты

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Марқакөл маңынан сақ патшасы жылқысының алтын ат әбзелдері табылды
Фото:
С. Аманжолов ат. ШҚУ мұрағатынан

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің бастамасы бойынша біздің археологтар Шығыс Қазақстанның археологиялық қазба жұмыстары бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ақжайлау ауылы маңынан біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырларға тиесілі маңызды жәдігерлер шықты.

Бүгінгі таңда ат әбзелдеріне арналған алтын әшекейлер табылды. Зерттеушілер жылқының сақ тайпаларынан шыққан патша сарайына жататынын анықтай алды. Мысық жыртқышына ат садақшысының аң аулау көрінісі бейнеленген бірегей бөлшек табылды, - деп жазды С. Аманжолв ат. ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Олжа Бестерек мұражайына қойылып, қыркүйек айында "Алтай-түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық форумында көрсетілетін болады.

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің "Тарих" мамандығының студенттері жыл сайын өлкеміздің археологиялық қазба жұмыстарына белсене қатысады. Студенттер оқу бағдарламасы бойынша археологиялық практикадан өтеді, - деп атап өтті университет ректоры. - Табылған артефактілер археологиялық зерттеулер зертханасында өңделіп, содан кейін университет базасында жұмыс істейтін ШҚО тарих және мәдени мұра мұражайына сақтауға беріледі.


Мұхтар Төлеген бұндай қазба жұмыстары үшін заманауи инновациялық зерттеулер жүргізуге арналған құны 4,5 млн радар пайдаланылатынын атап өтті. Бұл құрылғының ерекшелігі - азаматтық мақсатта қазба жұмыстарынсыз қару-жарақ, түрлі жерасты жәдігерлерін іздеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, біздің университет металл детектор, дрон, панорамалық суретке түсіру үшін квадрокоптер сияқты техникалық құрылғылармен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, - дейді Мұхтар Төлеген. - Шығыс Қазақстанның көптеген аудандарында археологтар студенттермен бірге ежелгі тау-кен ісін, металлургияны, шахталарды зерттеуде.

Следующая →