Күршімдегі Қойтас ауылында мәдениет үйі жоқ
Ауыл адамдары әкімдіктен мәдениет үйін қайта жөндетіп беруін талап етуде
Ауылдағы екінші үлкен мәселе мәдениет үйінің жоқтығы. Ауыл жастары кеш болса, қираған ескі мәдениет үйінің ішіне телефонның жарығын жағып алып отырады екен. Тіпті, мұнда соңғы 5-6 жылда мүлдем мерекелік шаралар өтпепті.
Қазір ауылда 80-ге тарта шаңырақ бар.
Мереке-мейрам деген бізде жоқ. Қаншама жылдан бері осы құлып жабулы тұр. 5-6 жыл болды, наурызды білмейміз, жаңа жылды білмейміз, ешқандай мәдени іс-шара өтпейді, өткізетін жер жоқ. Бұрын осы есіктің алдында киіз үй тігіп, наурыз өткізетінбіз, жаңа жыл өткізетінбіз, қазір түк те жоқ. Қирап жатыр, – дейді ауыл тұрғыны Гүлсім Сағидолдина.
Ауыл адамдары әкімдіктен мәдениет үйін қайта жөндетіп беруін талап етуде. Олар жастардың теріс жолға түсіп кетуінен қауіптенеді.
Әкімдіктен қайыр болмаған соң, кезінде ішіне цемент жайып, спорт зал қылып жасадық. Кейін тозып кетті. Қазір ешқандай мәдени шара өтпейді. Есік-терезесі аңқал-саңқал болып жатыр. Жастар түнде барар жерлері жоқ, көшеде жүреді. Қыста бергі кіре берісіне дүңгір-дүңгір етіп отырады. Ертең теріс жолға түсіп кетпесіне кім кепіл, – дейді ауыл тұрғыны Нұрлан Сарсенбин.
Округ әкімі ескі мектепті мәдениет үйі қылып бермекші. Қазір құжаттар дайындалып жатқанын айтуда.
Ауылда құлыптың жоқтығы рас. Жан санының аздығына байланысты қомақты қаржы бөле алмайтындығын аудан әкімі айтқан. Қазір Қойтас ауылында 300 тұрғын бар. Ескі мектепті мәдениет үйі қылып бермекші болып едік, құжаттары дұрыс болмай шықты. Құжаттар қайта жасалып жатыр, – дейді Талғат Қабибекұлы.