Көше спортынан күшіңді сынап көргің келе ме?
Өскемендік жастарды Street Workout бойынша күш сынасуға шақырады
Фото:
редакция мұрағатынан
Әр сенбі сайын Өскемен қаласының шағын аудандарында Street Workout бойынша күш сынасу өтпек.
Осы сенбіде сағат 10.00-де Oskemen аллеясында көше спорты түрінен әуесқойлар бәсекеге түседі. Келіп, қатысуға немесе көрермен болуға шақырамыз, - деп хабарлады Өскемен қаласының спорт бөлімі.
Сайысқа 12-ден 17 және 18-ден 29 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.
Өтініштер 8-705-496-35-67 телефон номері бойынша қабылданады.