Өскемен
пасмурно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    +6°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +14°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +15°
  • Павлодар
    +2°
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +7°
  • Шымкент
    +20°
$
548.79
+4.53
643.02
+8.30
¥
77.08
+0.81
6.63
+0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Маралдыдағы топырақ пен судан малға зиянды заттар табылған жоқ

Күршім ауданындағы экологиялық жағдайға қатысты зерттеу нәтижелері шықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Маралдыдағы топырақ пен судан малға зиянды заттар табылған жоқ
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынды

Маралды ауылында белгісіз себептен 8 ірі қара малы өлген болатын, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауыл тұрғындары бұған өзен суының ластануы себеп болуы мүмкін деп топшылайды. Өйткені өзеннің бастауында алтын өндіретін кәсіпорын орналасқан.

Сондықтан ауылдағы топырақ пен судан алынған сынамалар негізгі бақылау көрсеткіштері бойынша тексерілді. Облыс экологтары жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, рН деңгейі, қалқымалы заттар, аммоний, мұнай өнімдері, цианид, ауыр металдар және басқа да элементтер бойынша шекті рұқсат етілген мөлшерден асып кету фактісі тіркелмеген.

ШҚО әкімінің орынбасары ауыл халқымен, фабрика өкілдерімен кездесті.

Қазір түрлі жалған ақпарат тарап жатыр. Біз әр ақпараттың шындыққа сәйкестігін тексерудеміз. Егер қандай да бір заңбұзушылықтар анықталса, жауаптылар заң шеңберінде жазаға тартылады. Ең бастысы - халықтың қауіпсіздігі, - деді облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов ауыл тұрғындарымен кездесуде. 

Өлген мал иелеріне ветеринариялық мамандарға жүгініп, мал шығынын ресми түрде тіркеу ұсынылды. Қазіргі уақытта барлық зертханалық сараптамалар жалғасып жатыр. Малдың нақты өлу себептері толық анықталғаннан кейін ғана қорытынды шешім жария етіледі.

Жергілікті жұрт тексеріс барысы мен сараптама нәтижелерін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ресми ақпарат көздерінен бақылап отыра алады.

Следующая →