Өскемен
Қалың бұлтты
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Семей
    -10°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -10°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -6°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -3°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -14°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    -10°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -14°
  • Тараз
    -2°
  • Түркістан
    +3°
  • Орал
  • Шымкент
    +4°
$
502.6
+5.04
589.95
+3.03
¥
73.03
+0.48
6.5
+0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да осы аптада көлік қозғалысы шектелуі мүмкін

Бүгін облыс аумағында жоспарлы "Бекет-2025" ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да осы аптада көлік қозғалысы шектелуі мүмкін
Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі

Оқу-жаттығулар 4 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл оқу-жаттығу жыл сайын өткізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруді көздейді.

Жаттығу барысында:

  • оқу дабылы бойынша күштерді көтеру;
  • әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүру;
  • түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.

Оқу-жаттығу кезінде әскери техниканың көшелерде жүруі және автокөлік қозғалысының уақытша шектелуі мүмкін. Бұл - жоспарланған шаралардың бөлігі, - деп ескертеді ҚР Қорғаныс министрлігі. - Облыс тұрғындарын сабырлық сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық іс-қимылдар оқу-жаттығу аясында жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар, азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі ескеріледі.

Фото:
ҚР Қорғаныс министрлігі
Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Бекет-2025 Оқу-жаттығу