Өскемен
малооблачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +26°
$
540.87
632.01
¥
75.35
6.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданындағы орташа айлық жалақы - 407 мың теңге

Ауданда 10 мың жаңа жұмыс орны құрылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданындағы орташа айлық жалақы - 407 мың теңге
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановтың Күршім ауданының халқымен кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Аймақ басшысы алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуда жалпы оң динамика байқалатынын атап өтті. Жұмыссыздық деңгейі 4,6% болған жағдайда мұнда 10 мың жаңа жұмыс орны құрылған. Ал орташа айлық жалақы шамамен 9%-ға өсіп, 407 мың теңгені құрады.

2029 жылға дейін Күршім ауданының дамуына 28,3 млрд теңге бюджет қаражаты мен 19 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарту жоспарланып отыр. Бұл аймақтың туристік әлеуеті жоғары, сондықтан оны дамыту қажет. Ал ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, бұл ауданның үлесі облыс экономикасының 4%-ын құрайды, - деді облыс әкімі.

Күршім ауданында негізінен мал шаруашылығы дамыған. Осыған байланысты ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуына айрықша назар аударылып отыр. Жақында облыстық ветеринарлардың автопаркі толық жаңартылды.

Айта кетейік, Күршім ауылында айналма жол салу жоспарлануда – бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді.

Нұрымбет Сақтағановтың тұрғындармен кездесуі мен жеке қабылдауы кезінде сумен жабдықтау, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер талқыланды.

Халықпен кездесуден кейін облыс әкімі №4 Күршім орта мектебінде болды. Білім ордасы жазғы демалыстан кейін балаларды қабылдауға дайын: ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан соң өңір басшысы "Қазпоштаның" қазандығын көріп, ауладағы кемшіліктерге назар аударды. Облыс басшысы ауданның жетекші балық шаруашылығы нысандарына да барды. Күршім ауданы – балықты тек Қазақстанға ғана емес, өзге мемлекеттерге де ірі көлемде жеткізетін өңір. "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" жыл сайын су айдындарына ақ амур, сазан, бақтақ сияқты балық түрлерін жібереді.

Балық өңдеу саласында көш бастап тұрған "Төре Тоғам" ЖШС-іне шикізат негізінен Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасынан жеткізіледі. "Төре Тоғам" ЖШС – Шығыс Қазақстандағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Мұндағы цех тәулігіне 10 тоннаға дейін балық өңдейді.

Ауданның балық шаруашылығы еліміздің экономикасының шынайы драйвері, – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

Следующая →