Өскемен
малооблачно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +22°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +27°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +26°
$
540.87
632.01
¥
75.35
6.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО әкімі Марқакөл ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Марқакөл ауданының халқымен кездесті

Усть-Каменогорск и ВКО / Маркаколь (район Маркаколь) / ШҚО әкімі Марқакөл ауданының 2029 жылға дейінгі даму жоспарын таныстырды
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Алдағы жылдары ауданды дамыту үшін мемлекеттік бюджеттен 52 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған, ал жекеменшік инвестиция көлемі 15,5 миллиард теңгеден асады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ашық диалог форматында Нұрымбет Сақтағанов ауыз сумен қамту саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып өтті.

Бүгінде Марқакөл ауданындағы барлық 23 елді мекен 100% таза ауыз сумен қамтылған. Қазір екі жоба жүзеге асырылуда – Марқакөл ауылында 300 млн теңгеге су құбыры желілерінің құрылысы және Боран ауылында 200 млн теңгеге су құбырына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жөндеуді аудан әкімі қазан айының басына дейін аяқтауы тиіс, - деді облыс басшысы.

Айта кету керек, биыл Марқакөл ауданында 16 жаңа үй салынады. Ал алдағы екі жылда ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқынды жүргізіледі.

Марқакөл ауданы халқының 82,4 пайызы интернетке қол жеткізе алады. Цифрлық инфрақұрылымды кеңейту бағдарламасы аясында биыл наурыз айында Шеңгелді және Игілік ауылдарына мобильді интернет желісі тартылды, – деді облыс әкімі.

Марқакөл тұрғындары облыс әкімінен жұмысқа орналастыру, үй жануарларын вакцинациялау, жастарды тәрбиелеудің жаңа тәсілдері туралы сұрады.

Кейін жеке қабылдау барысында азаматтар ауданда денсаулық сақтау саласы кенже қалғанын айтты. Жас дәрігерлер баспанамен қамту мәселесін көтерді.

Сонымен қатар, облыс әкімі аудандық аурухананы, "Қазпошта" бөлімшесін, коммуналдық техниканы қарап шықты. Сондай-ақ ауылдық су құбыры желілерінің қайта жаңғыртылуын және Марқакөл интернат-колледж мектебін аралады. ШҚО әкімі мектеп шатырының тез арада жөндеуді қажет ететінін айтып, жауапты тұлғаларды анықтады.

Следующая →