Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +34°
$
519.58
+0.07
609.36
-2.47
¥
72.43
-0.11
6.63
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Күршім ауданындағы Бірлік ауылының оқушылары биыл заманауи мектепке барады

Саманнан салынған ескі мектепте спорт залы болмаған, дәретханасы далада еді

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчум (Курчумский р-он) / Күршім ауданындағы Бірлік ауылының оқушылары биыл заманауи мектепке барады
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Ал жаңа мектеп ғимаратында шағын орталыққа да орын бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бірлік ауылында 50 орындық жаңа мектеп және балабақша ғимараты бой көтерді. Мектептің ауданы 1136 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары былтыр тамыз айында басталған, қазіргі таңда аяқталып қалды. Жалпы жоба құны 550 млн теңге, оған ғимарат құрылысы және мектеп ішін жабдықтау жұмыстары кіреді, - дейді "СМУ Шығыс" ЖШС өкілі Еркебұлан Сапиолданов.

Оff-take келісімі бойынша бой көтерген ғимаратта қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталған, мектеп ішін жабдықтау жұмыстары ғана қалған. Жаңа оқу жылында бұл білім ошағына 1-9-сынып аралығындағы 40 бала және шағын орталыққа 15 бала келеді деп жоспарлануда.

Ескі ғимарат 1968 жылы қолданысқа берілген бейінді мектеп еді. Онда мектепке дейінгі білім беру үшін жағдай жасалмаған. Балалар тек қысқа мерзімді білім беру бағдарламаларымен оқыды, яғни 2 сағатқа ғана келетін. Енді мына жаңа ғимаратта шағын орталық ашылды, балалардың жататын, тамақ ішетін, ойнайтын орындары болады. Сондай-ақ, үлкен спорт залы бар, дәретханасы ішінде, кабинеттері кең әрі жарық, - дейді Бірлік негізгі орта мектебінің директоры Ринат Нұрбекұлы.

Ал ескі ғимарат бұзылмайды, ол енді ауылдың мәдени шараларын өткізетін орынға айналмақ.

Ауылда 80 үй бар, ауыл халқы ұйымшыл әрі берекелі. Былтыр 2 үй салынып, Арал және Маңғыстаудан екі отбасы көшіп келді. Биыл тағы бір үй салынбақ. Тұрғындардың сұрауы бойынша ескі мектеп ғимараты мәдениет үйі немесе клуб ретінде пайдаланылады. Ішіндегі бөлмелері кеңейтіліп, реконструкция жасалады, - деді Сарыөлең ауылдық округінің әкімі Серік Ақсартов.

Следующая →