Күршім ауданындағы жаңа көпір жанынан саябақ салынады
Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің айналасы абаттандырылуда
Бұл туралы Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлбеков ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілішісі.
Көпір айналасындағы аумақта жолаушыларға, жергілікті тұрғындарға және аудан қонақтарына арналған заманауи демалыс аймақтары салынады. Ыңғайлы демалыс үшін арнайы демалу орындары, жаяу жүргіншілер жолдары, биодәретханалар, қоқыс жәшіктері және жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылады.
Көпір маңайын абаттандыру жұмыстары Күршім ауданы инфрақұрылымын дамытуға арналған ірі жобаның бір бөлігі. Аудан әкімінің бастамасымен туристерге арналған парк салу жоспарда бар. Туризм саласын дамыту бойынша ауданда жаңа кэмпингтер салынбақ. Кәсіпкерлер тарапынан да бірқатар ұсыныстар бар. Ол үшін қажетті жер телімдері тиісті конкурстық негізде берілетін болады, - деп мәлімдеді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлбеков.
Алдағы жылы аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды іс-шаралар жүзеге асырылмақ. Атап айтқанда, Күршім ауылында айналма жол салу, қазандықтарды қайта жаңғырту және №5 қазандыққа апаратын жылу желілерін жаңарту жоспарланған. Сонымен қатар, Ю.А. Гагарин атындағы №1 орта мектепке арналған ангар пішіндегі спорт залы салынады және дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтереді.