Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Курчатовтағы әскери бөлім 23 жылдан кейін жас сарбаздармен толықты

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты 3514 әскери бөлімі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 50-ге жуық жас сарбаздармен толықты

Усть-Каменогорск и ВКО / Курчатов / Курчатовтағы әскери бөлім 23 жылдан кейін жас сарбаздармен толықты
Фото:
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен

Курчатов қаласындағы 3514 әскери бөлімінде қысқа мерзімді сарбаздар соңғы рет 1997-1999 жылдар аралығы қызмет еткен. Кейіннен жауынгерлік қызметті тек офицерлер мен келісімшарт бойынша қызметшілер атқарып келген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "Шығыс"өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бастығы Бағдат Амангелдінің ақпаратына сүйеніп.

23 жылдан кейін әскери бөлім жеке құрамы жас сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды. Болашақ ұландықтарға бөлімнің басшылық құрамы таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің тарихы туралы айтылды.

Сіздерге ар-намыстың, өз парызыңызға адалдықтың үлгісі болуға тілектеспін. Қоғамдық тәртіпті сақтау - құрметті және жауапты міндет екенін әрқашан есте сақтаңыздар, - деді 3514 әскери бөлімінің командирі подполковник Сәкен Нұртаев.

Әскерге шақырылушылар негізгі оқу пәндері бойынша бір айлық жалпы әскери дайындық курсынан өтеді. Сабақтарды жас толықтыру оқу пунктерінде тағайындалған тәжірибелі офицерлер мен старшиналар жүргізеді. Жиын барысында олар жалпы әскери жарғыларды, мемлекеттік-құқықтық, тактикалық, дене шынықтыру, радиациялық және химиялық қарудан қорғау негіздерін зерделеуге кіріседі. Саптық дайындық сабақтары барысында саптық техникалар пысықталып, саптық әндер үйренеді.

Біз әдеттегі азаматтық өмір салтымызды әскери өмірге ауыстырдық. Бізге әскери киім кию тәртібі айтылды. Шынымды айтсам, өзімді әскери формада көру қызық, бірақ өзімді жаңа мәртебеде сезінуге қуанышты. Менің ойымша, жыл тез өтеді, ең бастысы, пайдалы болады, - дейді әскер қатарына шақырылған Еркебұлан Заманбеков.

Айта кету керек, жас жауынгерді даярлаудың бір айлық курсынан кейін әскерге шақырылушылар әскери ант қабылдайды және жыл бойы Курчатов қаласында әскери бөлімнің әскери қалашығын күзету мен қорғау бойынша ішкі қызметін атқаратын болады.

Следующая →