Бүгін Өскеменде қосымша автобустар жүреді
Бүгін, 27 желтоқсанда, Спорт сарайында "Ұрпақтар шайқасы" жұлдыздарының көрме матчы өтеді
Осыған орай, қалалық Жолаушыларды тасымалдау басқармасы жөніндегі орталығы қосымша автобустар шығарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
18.00-де Борис Александров атындағы Спорт сарайында "Торпедо" шеберлер командасы мен Өскемен қаласының ұлттық құрамасы арасында әлем чемпионаттарында ойнаған Қазақстан құрамасының хоккей ойыны жұлдыздарының қатысуымен жаңа жылдық хоккей матчы өтеді. Сағат 18.00-18.20 дейін - шығыс кіреберісінің фойесінде, қолтаңба қою отырысы өтеді. Ал 19.00-де матч басталады. Үзіліс кезінде ұтыс ойындары, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі және мұз үстіндегі хоккей фристайлы өтеді. Кіру тегін.
Осыған орай келесі бағыттарда автобустардың қосымша рейстері ұйымдастырылады:
- №6 "Өзен вокзалы – ТМК" 21.30-да "Өзен вокзалы" аялдамасынан ТМК-ға қарай.
- №3 "Өзен вокзалы - Октябрь кенті" (6-кесте) 21.30-да "Өзен вокзалы" аялдамасынан;
- №60 "Есенберлин даңғылы – Октябрь кенті" (18-кесте) 21.38-де және (20-кесте) 22.00-де "Есенберлин даңғылы" аялдамасынан.
- №12 "Кемежай – Әуежай" (8-кесте) 22.11-де "Кемежай" аялдамасынан және (12-кесте) 22.12-де "Әуежай" аялдамасынан;
- №33 "Күленов кенті - Октябрь кенті" (2-кесте) 21.41-де "Күленов кенті" және (10-кесте) 21.17-де "Октябрь кенті" аялдамасынан;
- №42 "Өскемен вокзалы – Жаңа Ахмер" (2-кесте) 21.33-те "Өскемен вокзалы" аялдамасынан;
- №47 "Ивушка - "Надежда"" с/б:
- 10-кесте 21.33-те және 4-кесте 22.06-да "Ивушка" аялдамасынан.
- №25 "Понтон көпірі – ГЭС" сағат 21.10-да "Понтон көпірі" аялдамасынан ГЭС-ке қарай.
- №55 "Ивушка - Жаңа Ахмер" (2-кесте) 21.48-де "Ивушка" аялдамасынан.
- Трамвай №3 "Өскемен вокзалы – Защита": 3-кесте 21.35-те және 5-кесте 21.52-де Өскемен вокзалы аялдамасынан.