Абай ауданындағы Ерқанат британдық әнші Dua Lipa-ға әуен жазды
Жерлесіміз, музыкант Ерқанат Ерғазыұлы британдық әнші Dua Lipa-ның жаңа альбомына музыка жазды
![Усть-Каменогорск и ВКО / Кокпекты (Кокпектинский р-он) / Абай ауданындағы Ерқанат британдық әнші Dua Lipa-ға әуен жазды Усть-Каменогорск и ВКО / Кокпекты (Кокпектинский р-он) / Абай ауданындағы Ерқанат британдық әнші Dua Lipa-ға әуен жазды](/upload/iblock/a0a/oc28hfxh3m40rmi4i6gz9kb9idmy7lwd/imgonline_com_ua_Resize_iNF8a61ajnPQ1u.jpg)
Ол бұл жаңалықпен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
3-ші мамыр күні британдық әнші Duo Lipа-ның альбомы шығады, - деп жазды Ерқанат Ерғазыұлы. - "Radical optimism" альбомының 7-трегін мен шығардым.
Ерқанат Ерғазыұлы "Абай атындағы ММГИ" биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол қазақстандық, шетелдік әншілерге арналған аранжировкалар жазумен айналысады. Ерқанат қазақстандық әртістерден Say Mo, BikaBreezy, Delacure, Rick-пен бірге жұмыс істеген. Қаңтар айында танымал бразилиялық әнші Mil Vezes-ке (Anitta ft. Melody) ремикс жасады.
Желтоқсан айында американдық рэперлер Lil Jay & Favio Foreign - Last Christmas бейнебаяны шықты, онда Аниканат биттің қосалқы продюсері болды.