Жаңару мерекесіне орай Алтай ауданындағы балаларға қуаныш сыйлады
Бүгін Наурызнаманың алтыншы күні – Жаңару күні
Осыған орай Алтай ауданында балаларға арнап мереке ұйымдастырылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары, Серебрянск балалар үйінің тәрбиеленушілері, дарынды және мектеп-интернаттарда тұратын оуқшылар, білім берудегі ерекшеліктері бар балалар – барлығы 100 шақты бала үшін мәдениет үйінде кең дастархан жайылды. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, Наурыз жайлы театрландырылған қойылым қойылды, - дейді Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.
Аудан әкімі балаларға осындай мерекелер ұйымдастыру дәстүрге айналып үлгергенін айтады.
Наурыз мейрамының тарихы тереңде әрі тәрбиелік мәні зор. Бүгін оқушылар театрландырылған қойылымдар арқылы қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпынан мағлұмат алып, Наурыздың басты символы – қызғалақ гүлі таныстырылды, - дейді аудан әкімі.
Айта кеткен жөн, әр балаға тәтті-дәмділер салынған дорба таратылды.