Көкпекті ауданындағы балықшылар ауылында балық өндіру цехі ашылды
Тассай ауылында ашылған цех күніне 1 тонна жоғары сапалы балық өнімдерін шығаруға қауқарлы
Қазір жиырмаға жуық ауыл халқы жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Устинка LIVE Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
Ауылдағы жас кәсіпкер Бақтияр Ибрагимов балық цехін ашты, мұнда балықты толық өңдеуге мүмкіндік бар. Цех ауылдың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізіп, 20 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпорын сазан, шортан, көксеркенің етін, одан бөлек балық қанаттарын сатады. Цехтың қуаттылығы күніне 1 тоннаға жуық жоғары сапалы балық өнімдерін шығара алады. Тассайда өндірілген өнім Семей, Алматы, Астана қаласының сауда орталықтарында сөрелеріне сатылып жатыр, - деп мәлімдеді әкімдік. - Балық цехінің иесі мемлекеттік бағдарламалар арқылы қосымша қаржы алып, кәсіпорынды кеңейтіп, тағы да 50 жаңа жұмыс орынын ашуды жоспарлап отыр.
Тассай ауылы ежелден балық шаруашылығы жақсы дамыған елді мекен. Ауыл аудан орталығы Көкпектіден 60 шақырым, Зайсан көлінен 40 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде ауылда 867 адам тұрады, олардың көпшілігі балық аулаумен айналысады.