Өскемен
Бұлтты
+3°
  • Өскемен
    +3°
  • Семей
    +1°
  • Алматы
    +3°
  • Риддер
    +1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    +3°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -1°
  • Қызылорда
    +7°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    -1°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +12°
  • Орал
    +1°
  • Шымкент
    +9°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-ға келген әскери колледж түлектері әскери қызметке дайындалуда

Биыл Шығыс өңірілік қолбасшылығына қарасты №27943 әскери бөліміне жиырмаға жуық сержант қызметке келді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-ға келген әскери колледж түлектері әскери қызметке дайындалуда
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

Қазір ҚР Қорғаныс Министрлігіне қарасты Әскери колледж түлектері арнайы әдістемелік-нұсқаулық жиыннан өтуде, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Әдістемелік-нұсқаулық жиынын өткізу жас сержанттарды әскери қызметке бейімдеуге бағытталған. Кіші командирлер құрамы жаңа лауазымға кірісер сәтте қызмет бабындағы қажетті алғышарттарды меңгеруге бағыттау, жеке құраммен оқу-жаттығу үдерісін сапалы ұйымдастыруға және тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-құқықтық шараларды жоғары деңгейінде жүргізуге қалыптастырады.

Жас сержанттардың негізгі міндеті – қызметтік міндеттерді адал орындау, алған білімдерін іс-жүзінде қолдану. Әдістемелік жиыннан кейін әр сержант бөлімше командирі, экипаж командирі жәнеде танк командирі ретінде тағайындалып, өздерінің әскери қызметтеріне кіріседі, - деді әскери бөлім сержанты 1-сыныпты сержант Қуат Қасымов.

Жас сержанттармен жиын 16 тамызға дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде олар әскери бөлімде қызметтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаттарымен егжей-тегжейлі танысып, жеке құрамды басқару дағдыларын бекітеді. Бұл жиыннан кейін жас сержанттар лауазымдарына тағайындалып, ары қарай қызметтерін жалғастырады.

Следующая →