Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Көкпекті ауданында гемодиализ бөлімі ашылды

Көкпекті ауданының бірнеше тұрғыны аптасына үш рет қалаға барып ем қабылдауға мәжбүр болатын

Усть-Каменогорск и ВКО / Кокпекты (Кокпектинский р-он) / Көкпекті ауданында гемодиализ бөлімі ашылды
Фото:
Устинка LIVE

Енді көршілес Ақсуат ауданының тұрғындары да Көкпектіге келіп ем қабылдайтын болады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Абай облысы әкімдігі ақпаратына сүйеніп.

Гемодиализ бөлімі ашылып, ресми түрде орталық өз жұмысын бастады. Бұл аудан халқы асыға күткен қуанышты жаңалық.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына іс-сапармен барған кезде, аудан тұрғындары Көкпекті ауданында "гемодиализ" бөлімін ашу мәселесін көтерген болатын.

Ауданда "гемодиализ" бөлімі болмаған кезде, ауданның бірнеше тұрғыны әрдайым ем қабылдау үшін аптасына 3 рет қалаға барып келуге, кейіннен тіпті қалаға көшуге мәжбүр болған. Қазіргі таңда сол аудан тұрғындары ауданға қайта көшуді жоспарлауда, - деді Көкпекті аудандық емхананың бас дәрігері Махат Ғабдуллин.

Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша "гемодиализ" бөлімінен 7 тұрғын тұрақты ем алуда. Одан бөлек, аталған орталықта көршілес Ақсуат ауданының 2 тұрғыны да қызмет алатын болады.

Следующая →