Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биғаш ауылында балабақша ашылды

Көкпекті ауданы бойынша 300-ден асам баланы қамтитын тағы оннан астам балабақша ашылмақ

Усть-Каменогорск и ВКО / Кокпекты (Кокпектинский р-он) / Биғаш ауылында балабақша ашылды
Фото:
Көкпекті ауданы әкімдігінен

Көкпекті ауданында Биғаш негізгі мектебі жанынан 25 балаға арналған толық күндік балабақша ашылды, деп хабарлайды Устинка LIVE Көкпекті ауданы әкімдігінің ақпаратына сүйеніп.

Балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қатысып, Биғаш ауылы тұрғындарын жаңа әлеуметтік нысанның ашылуымен құттықтап, балабақшаның ашылуына демеушілік жасаған бірқатар жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына алғысын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.

Ашылған балабақша әлеуметтік маңызға ие. Біріншіден, Биғаш ауылында 25 бала бала-бақшамен қамтамасыз етілді, екіншіден жаңа 6 жұмыс орны құрылды. Сонымен қоса, бұл әлеуметтік нысан тұрғындарды осы ауылда тұрақтандыруға септігін тигізетін болады, - дейді Ділдабек Оразбаев.

Жалпы аудан бойынша алдағы уақытта 10-нан астам елді мекенде балабақшалар ашу жоспарлануда. Жоспар жүзеге асқан жағдайда 300-ден аса бүлдіршін балабақшамен қамтамасыз етіліп, 150-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Следующая →