Соңғы тәулікте 14 адамнан пневмония анықталды
Кейінгі тәулікте Қазақстанда 50 адам коронавирус жұқтырғаны және тағы 14 адамның пневмониямен ауырып жатқаны анықталды
Фото:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2023 жылғы 7 наурыздағы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
07 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 684 адам коронавирус инфекциясынан (–1 509 + және 175 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 128 пациент стационарда, 1 556 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 4 адамның жағдайы ауыр
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр