Көкпекті ауданында алдағы уақытта 15 балабақша ашылмақ
Ақой ауылында жергілікті кәсіпкердің қолдауымен 20 орынға арналған балабақша ашылды
Көкпекті ауданында бұндай шағын ауылдарда балабақша жоқ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Осыған дейін Көкпекті ауданында 7 балабақша, 5 шағын орталығы қызмет еткен болатын, - делінген Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. - Алайда Ақой сияқты шағын ауылдарда балабақшалар мен шағын орталықтар болмағандықтан 2-5 жас аралыңындағы балалар мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілмей отырған болатын.
Алдағы уақытта аудан әкімінің бастамасы бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде аудан кәсіпкерлерінің демеушілігімен тағы 15 балабақша мен шағын орталық ашу жоспарлануда.