Көкпекті ауданында жаңа суару технологиясының арқасында шөп бағасы арзандаған
Көкпекті ауданында көлдетіп суару технологиясы енгізіліп, көп жылдық шөп егіле бастады
Осының арқасында биыл өңірде шөп бағасы біршама арзандаған, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты "Хабар-24" арнасына сілтеме жасап.
Қазір Көкпекті ауданындағы су тоспалары жөнделіп, осындай құрылғылар орнатылуда. Бұл көктемгі тасқын суын тежеп, шабындық жерлерге жіберу үшін қажет.
Көкпекті ауданында биыл 10 мың гектарға жуық жерге көлдетіп суғару технологиясы енгізілген. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті 20 мың гектардан асыру жоспарланып отыр. Осы мақсатта биыл Көкжайық ауылындағы Ақтоған су арнасына жөндеу жүргізіліп, 200 гектар аумаққа көп жылдық шөп егілді.
Алдағы уақытта көлдетіп суғару технологиясы 4 ауылдық округте қолға алынбақ.