Бір тәулік ішінде ШҚО-да 3 өрт сөндірілді
ШҚО ТЖД облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді
ШҚО ТЖД бір тәулікте орын алған төтенше жағдайлар жайында ақпарат жариялады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
10 қарашада Саратовка ауылында Молодежная көшесінде жеке тұрғын үйдің ауласында 18 тонна шөп өртенген. Сөндіруге барлығы 2 бірлік техника мен жеке құрамның 9 қызметкері жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда.
Сол күні 15.44-те Ұлан ауданында Бозанбай ауылдық округінде жазғы тұрғылықты жеке үйде шатырдың ағаш конструкциялары, төбе жабындары, қабырғалар, терезе және есік блоктары, жиһаз, жеке заттар өртенді. №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 50 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірді. өрттің алдын ала себебі - электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде ӨҚЕБ.
11 қарашада сағат 07.12-де Шемонаиха ауданындағы Волчанка ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылысының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 40 ш.м. аумақты шарпыған өртті жойды. Сөндіруге барлығы 2 бірлік техника мен жеке құрамнан 5 адам жұмылдырылды.