ШҚО-да "Алтай әуендері" аудандық ән байқауы өтеді
Байқау катонқарағайлық өнерпаздар арасында ұйымдастырылмақ

Аудандық байқауға 16–35 жастағы және 35 жастан жоғары үміткерлер қатыса алады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өнерді сүйетін, әнге жаны жақын жандар жеке және дуэт ретінде байқауда бақ сынай алады. Қатысушылар өтінімі 23 ақпанға дейін қабылданады (байланыс телефондары: 87051894196, 87779953016), - деп хабарлады Катонқарағай аудандық әкімдігі. - Байқаудың мақсаты – ұлттық және заманауи өнерді дамыту, талантты орындаушыларды анықтау және қолдау.
"Алтай әуендері" аудандық ән байқауы 27 ақпанда Катонқарағай аудандық Мәдениет үйінде өтеді.