Өскемен
Қалың бұлтты
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Семей
    -7°
  • Алматы
    +2°
  • Риддер
    -2°
  • Астана
    -24°
  • Ақтөбе
    -8°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -16°
  • Көкшетау
    -21°
  • Қостанай
    -13°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -19°
  • Петропавловск
    -20°
  • Тараз
    +4°
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Шымкент
    +6°
$
505.17
+4.15
599.54
+2.27
¥
72.76
+0.68
6.59
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды

Алматы тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталғаны туралы жазса, Семей тұрғыны жаңа мемлекеттің унитарлығы мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін түзетулер бар деп жазған

Новости Казахстана / Конституция жобасына қатысты жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылды
Фото:
Устинка LIVE

Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат пен арандатушылық үшін бұл азаматтардың жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ІІМ-де әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың таралу деректері артқаны мәлімделді. Қоғамдық кеңістікте, оның ішінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына қатысты фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәліметтер тарату жағдайлары тіркелуде. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Алматы қаласының тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат таратқан, - дейді Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы - ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. - Бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және оларды жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми түрде жоққа шығарған. Осыған байланысты аталған азамат жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ Семей қаласының тұрғыны жаңа Конституция жобасында мемлекеттің унитарлығы мен аумақтық тұтастығына күмән келтіретін түзетулер бар деген жалған ақпарат жариялағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шын мәнінде, бұл қағидаттар жаңа Конституция жобасында керісінше тікелей бекітіліп, күшейтілген.

Ішкі істер министрлігі Конституция жобасын талқылау, азаматтардың өз пікірлері мен ұстанымдарын білдіруі заңбұзушылыққа жатпайтынын еске салады. Жауапкершілік тек қана көрінеу жалған ақпарат тарату және фактілерді әдейі бұрмалау үшін көзделген. 

Қазіргі уақытта азаматтарды жаңылыстыруға және қоғамдық ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған өзге де жалған ақпарат тарату фактілері анықталуда.

Біз азаматтарды дұрыс шешім қабылдауға, арандатуға ермеуге және тек ресми әрі тексерілген ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз. Ішкі істер министрлігі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр және кез келген тұрақсыздандыру әрекеттерін қатаң ден қояды, - деп атап өтті Шыңғыс Алекешев.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Конституция жобасы ҚР ІІМ Жалған ақпарат