Катонқарағайда қар барысы тағы фототұзаққа түсіп қалды
Катонқарағай ұлттық паркі Аршаты орманшылығы аумағында жүрген қар барысының видеосын жариялады

Камераны орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мұндай бір сәтті кадр - орманшылардың тынымсыз еңбегі мен табиғатты қорғауға деген жанашырлығының жемісі.
Бұл - Алтайдың асқақ таулары мен тұмса табиғатында мекендейтін, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш. Қар барысының фототұзаққа түсуі — ұлттық парк аумағында табиғи тепе-теңдіктің сақталып, жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін бақылау жұмыстарының нәтижелі жүргізіліп жатқанын көрсетеді, - делінген Катонқарағай ұлттық паркі ақпаратында.