ШҚО-да 2025 жылы сегіз колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды
Өңірде кадрлар даярлау саласы дамуда, жас мамандарды оқыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр

ШҚО әкімдігінің отырысында білім басқармасының басшысы атап өткендей, кадрларды сапалы даярлаудың маңызды шарттарының бірі - колледждердің материалдық-техникалық базасының өндіріс талаптарына сәйкестігі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қуат Оқасовтың айтуынша, осы мақсатта 2025 жылы сегіз колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартуға жергілікті бюджеттен 384 миллион теңге жұмсалды. Тағы 177,5 миллион теңгеге сегіз колледжде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқыту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 2025 жылы 7%-ға өсті. Сондай-ақ жаңартылатын энергетика, пилотсыз авиациялық жүйелер, әуе тасымалдарын ұйымдастыру, логистика, су көлігін пайдалану сынды жаңа мамандықтар ашылды. "Жас маман" жобасы аясында энергетика, металлургия, құрылыс және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша 4 Құзыреттілік орталығы заманауи жабдықтармен және жаңа зертханалармен қамтамасыз етілді, - деді білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов.