Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +23°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +28°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +16°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +25°
$
520.93
609.07
¥
72.68
6.68
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайға демалушылар ағылып жатыр: ауданда жаңа кешендер бой көтеруде

Биыл бес туристік жоба қолға алынды, 2026 жылы тағы бір ірі кешен салынады

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайға демалушылар ағылып жатыр: ауданда жаңа кешендер бой көтеруде
Фото:
ШҚО әкімдігінен

Катонқарағай ауданына туристердің қызығушылығы жылдан жылға артып келеді. Бұл жайлы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймаққа сапары кезінде айтып өтті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Катонқарағай – табиғаты мен мүмкіндіктері ерекше өңір. Осындай артықшылықтарды тиімді пайдалану керек. Туризм – бұл тек демалыс емес, сонымен қатар халықты жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікті жандандыратын сала, - деді облыс әкімі.

Биыл ауданда бірден бес ірі туристік жоба іске асып жатыр. Ақшарбақта "Верх-Катунь" пантамен емдеу орталығы кеңейіп, Аршатыда "Altay Resort" салынып жатыр. Катонқарағай ауылында "Altay Terra Resort" туркомплексі бой көтерсе, Өрелде "Мұзтау" қонақ үйінің мейрамханасы, Топқайыңда "Qaton Qaragai Resort&SPA" кеңейтіліп жатыр.

Маусымда мұнда өткен халықаралық музыкалық фестивальге 10 мыңға жуық адам келген. Қонақтардың көбі – басқа өңірлерден және шетелдерден: Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Әзербайжан, Түркіменстан.

Жеке инвестициялар да жетерлік. Былтыр Катонқарағайда "Қаратай" мен "Ұлназ" қонақ үйлері кеңейтілді, "Баян" ғимараты қонақүйге айналдырылды, Согорное ауылында кемпинг салынды, Белқарағайда "Баян" пантамен емдеу орталығы жаңартылды.

2026 жылы ауданда тағы бір ірі нысан – 120 орындық "Wellness Resort" кешені ашылмақ. Оны "Tor’re Altay Invest" компаниясы салады.

Туризм дегеніміз – жай ғана табиғат көрінісі емес. Бұл жол, интернет, қауіпсіздік, санитарлық жағдай, сапалы қызмет. Біз осының бәрін біртіндеп жақсартып жатырмыз, - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Қазір ауданда 50-ге жуық туристік нысан жұмыс істейді. Өткен жылы Катонқарағайға 33,5 мың турист келген.

Аудан үшін туризмді жүйелі дамыту маңызды. Осы мақсатта арнайы жоспар әзірленіп жатыр. Оны 1 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылды. Ал 17 шілдеге дейін санитарлық тораптар мен инфрақұрылымға қатысты ұсыныстар жиналуы тиіс. Инвестициялық жобалар тізімі де қайта қаралып, ұлттық және өңірлік жоспарларға енгізіледі.

Следующая →