Өскемен
Қалың бұлтты
-31°
  • Өскемен
    -31°
  • Семей
    -22°
  • Алматы
    -10°
  • Риддер
    -22°
  • Астана
    -30°
  • Ақтөбе
    -12°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -2°
  • Қарағанды
    -26°
  • Көкшетау
    -30°
  • Қостанай
    -22°
  • Қызылорда
    -12°
  • Павлодар
    -31°
  • Петропавловск
    -31°
  • Тараз
    -8°
  • Түркістан
  • Орал
    -7°
  • Шымкент
    -3°
$
497.56
586.92
¥
72.55
6.44
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Сенсация жасаған қазақстандық шахматшы әлем кубогының 1/8 кезеңіне шықты

Грузияның Батуми қаласында шахматтан FIDE-нің әйелдер арасындағы әлем кубогы жалғасып жатыр

Новости мира / Сенсация жасаған қазақстандық шахматшы әлем кубогының 1/8 кезеңіне шықты
Фото:
t.me/sport_comiteti

Әр елден келген 107 шахматшы 50 мың АҚШ доллары үшін сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі ақпаратына сүйеніп.

Отандасымыз Меруерт Камалиденова (2330) 3-айналымда ресейлік шахматшы Анна Шухманды (2413) жеңді. Алдыңғы күні қарсыластар тең тарқасқан, кеше 19 жастағы отандасымыз басым түсті. Есеп: 1,5-0,5.

Айта кетейік, Меруерт 1/32 айналымда әлем чемпионатының финалисі, Әлем кубогының жеңімпазы Александра Горячкинаны ұтып, сенсация жасаған.

Камалиденованың келесі қарсыласы Вейшали Рамешбабу (Үндістан, 2481) немесе Карисса Йип (АҚШ, 2431) болады, - деп хабарлады министрлік. - Өкінішке қарай, тағы бір отандасымыз Елназ Қалиахмет (2218) өзбек ойыншысы Умида Омоноваға есе жіберді (0,5-1,5).

Қазір Батумидегі әлем кубогына 46 ұлттық федерацияның атынан әлемнің таңдаулы 107 шахматшысы жиналды. Оның ішінде әлем рейтингінде ТОП 20-дағы 17 гроссмейстер бар. Аңызға айналған ойыншылар, жас дарынды шеберлер бас жүлде 50 мың АҚШ доллары үшін сынға түсіп жатыр. Мұндағы формат - нокаут-турнир. Яғни, жеңілген адам үшін бәсеке тамамдалады. Жарыстың финалы 28 шілдеде өтеді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: Грузия Шахмат Әлем кубогі Меруерт Камалиденова