Катонқарағайдың "қонақжай отбасындағы" балалар балдың қалай пайда болатынын көрді
"Қонақжай отбасы" жобасы бойынша тіл үйренуге кеткен балалар Катонқарағай ауданындағы Ақсу ауылында жүр

Кеше балалар онаурызға экскурсия жасап, ара шаруашылығымен танысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалар үшін бұл экскурсия тек серуен ғана емес, сондай-ақ табиғатты тереңірек түсінуге арналған маңызды сабақ болды. Олар аралардың еңбекқор тіршілігін қызығушылықпен бақылап, ұяның жұмыс істеу тәртібімен, бал өндіру үдерісімен танысты. Сонымен қатар, аралардың экожүйедегі орны мен маңызын білді, - деп хабарлады ШҚО білім басқармасы.
Онаурызшы өз тәжірибесімен бөлісіп, балаларға арнайы құрал-жабдықтарды көрсетіп, бал өндірудің қыр-сырын ашып берді. Балалар балдың дәмін татып көріп, алған әсерлерімен бөлісті.
Экскурсия балалардың білімін толықтырып қана қоймай, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін оятты. "Қонақжай отбасы" жобасы жас ұрпаққа қоршаған ортамен етене танысып, таным көкжиектерін кеңейтуге мол мүмкіндік берді.