ясно
°
$
503.9
+1.63
603.32
+6.17
¥
72.54
+0.32
6.61
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚТУ-дың бұрынғы басшысы мемлекет үлесін жекешелендіріп алған

Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚТУ-дың бұрынғы басшысы мемлекет үлесін жекешелендіріп алған
Фото:
t.me/afm_rk

"Технопарк "Алтай" ЖШС, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-ға қайтарылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті – елдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Университет металлургия, машина жасау, энергетика, медициналық техника және басқа да салалар үшін мамандар даярлаумен айналысады. Оның құрамында 17 ғылыми орталық, зертхана және ғылыми-өндірістік алаң жұмыс істейді.

Алайда 2018–2020 жылдары университеттің бұрынғы басшылығы "Технопарк "Алтай" ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік мажоритарлық үлесті заңсыз түрде жекеменшікке өткізген, - деп мәлімдеді Қаржы мониторингі агенттігінің ШҚО бойынша департаменті. - Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын "Технопарк "Алтай" ЖШС-дегі 100% үлес, 8 мың шаршы метрлік ғимарат пен 1,3 га жер телімі қайтарылды.

Қайтарылған активтер зертханалық және оқу базаларын орналастыруға, сондай-ақ травматология, ортопедия және онкологиялық протездеуге арналған медициналық өнімдер шығаратын инновациялық кластерді дамытуға пайдаланылатын болады.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚТУ "Технопарк "Алтай" ЖШС ҚМА