Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +26°
$
518.34
-0.16
607.18
+5.56
¥
72.29
+0.01
6.62
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайдағы айтысқа Қырғызстан мен Моңғолиядан ақындар келді

Катонқарағай ауданында "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" фестивалі аясында халықаралық айтыс өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайдағы айтысқа Қырғызстан мен Моңғолиядан ақындар келді
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Қатысушылардың қатарында республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпаздары, "Алтын домбыра", "Асыл домбыра" иегерлері мен мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сөз сайысына Дидар Қами, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртай, Мейірбек Сұлтанхан сынды халықтың аяулы ақындар қатысты.

Айтыс аралығында көрермендер "Назқоңыр", "Дарабоз" вокалдық топтарының және мәдениет пен өнер саласының көрнекті өкілдерінің қатысуымен өткен концерттік бағдарламаны тамашалады.

Қорытынды сөз сөйлеп, бас жүлдені ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады. Бас жүлде – 3 млн теңге қарағандылық Дидар Қамиға бұйырса, 1-орынның 2 млн теңгесін Рүстем Қайыртай алды. Ал 2-орынды қос жүйрік Жайықтың қызы Жансая Мусина мен қырғыз елінің намысын қорғаған Нұрсұлтан Малдыбаев 1 млн теңгеден бөлісті. 3-орынның 750 мың теңгесі Сыр елінен келген Нұрмат Мансұров пен Шығыс өңірінен Серік Қуанғанға бұйырды.

Шара түркі дүниесінің мәдениеттерін тоғыстырған, қазақтың айтыс өнерінің рухани құндылығы мен мәртебесін көтерген айтулы оқиға болды.

Следующая →