Катонқарағайдағы аламан бәйгенің бас жүлдесіне автокөлік тігілді
Халықаралық "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" фестивалі аясында ұлттық спорт түрлерінен ірі жарыстардың бірі – аламан бәйге өтті

Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен
Тарбағатайлық тұлпар жүзден жүйрік шықты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
XXIII халық спорт ойындарының аясында ұйымдастырылған бұл жарыс өңірдің түкпір-түкпірінен келген көрермендерге арналған үлкен мерекеге айналды. Ат спорты мен ұлттық дәстүрлерді ұлықтаған бұл шарада көрермендер тартысты додаға куә болды.
25 шақырымдық бәйгеде жүлделі орындар келесідей бөлінді:
- Тарбағатай ауданынан келген Манап Әбілмансұр "Зағип" атты тұлпарымен
- Күршім ауданынан Дәулет Темірлан "Барыс" атты тұлпарымен
- Зайсан ауданынан келген Дулат Нұралин мен оның "Арбат" атты тұлпары
Жүлде қоры да ерекше болды:
- 1-орынға автокөлік
- 2-орынға 1 миллион теңге
- 3-оырнға 700 мың теңге