Өскемен
малооблачно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +21°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +27°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +18°
  • Шымкент
    +31°
$
521.57
+2.02
601.01
+4.98
¥
72.64
+0.35
6.65
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі": Қалихан мен Дидахмет - шығыстың қос алыбы

Катонқарағай ауданындағы дүбірлы той "Ұлттық рух жыршысы" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясымен басталды

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі": Қалихан мен Дидахмет - шығыстың қос алыбы
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Келелі басқосуға елдің түкпір-түкпірінен ақын-жазушылар, әдебиет пен тіл ғылымының белді өкілдері, абыз ақсақалдар мен жоғары лауазымды меймандар жиналды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Алтай - түркі өркениетінің жүрегі, алтын көмбесі. Көне дәуірлерден бері түркі дүниесінің пассионарлық толқындары дәл осы Алтайдан бастау алғанын тарих куәландырады. Сол себептен де Алтай - күллі түркі жұрты үшін баға жетпес қазына. Бүгінде әлемде "рухани туризм" деген ұғым бар. Қайсыбір түркі мемлекетіне - мейлі Әзірбайжан, Түркия немесе Өзбекстан болсын - барсақ, сол елдің зиялысы да, қарапайымы да Алтайды - түркі баласының түп-тұқияны, ата жұрты деп таниды. Ендеше ең әуелі сол рухани құндылыққа түркі әлемінің өз өкілдерін тарту маңызды. Соңғы екі жылда Катонқарағайда туризмнің қарқыны артты. Бүгінгі шаралар - осы өлкеге деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, экономикалық серпіліске де нақты демеу болмақ, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Ерлан Саиров.

Ғылыми отырыста ғалымдар тың ой, тұшымды пікір өріп, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының ұжымы "Дидахмет Әшімханұлына арнау" атты әсерлі композиция ұсынып, көрермен қауымға жазушының ғибратты ғұмырын көркем образдар арқылы паш етті.

Бұл конференция - жерлестерімізге рухани насихаттың үлкен мектебі болды. Ақын-жазушыларымыздың еңбектеріне тағы бір үңілуге түрткі болды. Катонқарағай табиғатымен де, сөз зергерлерімен де мақтана алады. Көкірекке көп ой түйіп, үлкен мұра арқалап қайтып барамыз, - дейді Топқайың ауылындағы Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп директоры Айдын Сайлауханұлы.

Зиялы қауым өкілдері жазушының шығармаларын жаңа қырынан ашып, оның бүгінгі қоғам үшін маңызын айқындап, жас ұрпаққа аманат болар рухани қазынасын насихаттады.

Ғылыми жиын аясында Дидахмет Әшімханұлы мен Қалихан Ысқақтың шығармашылығына арналған кітаптар мен фотосуреттер көрмесі де жұрт назарына ұсынылды.

Фестивальдің бірінші күнін "Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды" атты республикалық поэзия фестивалі түйіндеді.

Қалихан мен Дидахмет - Шығыстың қос алыбы. Қазақ әдебиетінде өз орнын ойып алған екі заңғардың кіндік қаны тамған қасиетті Катонқарағайда поэзия фестивалінің өтуі — халқымыздың рухани тамырына тағзым. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың рухани құндылықтарды дәріптеуге айрықша ден қоюы - бүгінгі іс-шаралардың өзегіне айналды. Бүгінгі жыр сайысына ел ішінің сөз ұстаған қас жүйріктері келіп отыр, - деді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Поэзия додасына Дәулет Телманов, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Қалқаман Сарин, мәдениет саласының үздігі Әскерхан Ақтай, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс, ҚР Білім үздігі Бақытжан Райыс, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Бауыржан Игілік, "Шабыт" ақындар мектебінің мүшесі Естай Жаңабай, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Олжас Керейхан, жазушылар және журналистер одағының мүшесі Оразай Жеңісұлы, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарт, сондай-ақ Қызырбек Дүргінбайұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Құмар Зиятхан, Мұратқан Кенжехан, Дана Исағұлқызы сынды өлең өлкесінің өрендері қатысты.

Қайталанбас сөз мерекесінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен Абай облысының әкімі Берік Уәли ақындарды арнайы дипломмен және ақшалай сертификаттармен марапаттап, ақын жүрегінің ыстық лебізін лайықты бағалады.

Следующая →