Алтайдың төрінде аламан айтыс өтеді
Катонқарағай ауданында "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық фестивалі өтеді

Фестиваль аясында ғылыми конференция, поэзия кеші, ақындар айтысы және гала-концерт жоспарланған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Фестиваль екі күнге жоспарланған:
13 маусым
- 11.00 – Дидахмет Әшімханұлының шығармашылығына арналған ғылыми конференция. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, Мәдениет үйі.
- 17.00 – "Төр Алтай Қалиханын және Дидахметін жырлайды" атты республикалық поэзия фестивалі. Өтетін орны: Топқайың ауылының өр жағы, Алтай тауының баурайы.
Поэзия кешіне республикамыздың және облысымыздың келесі қаламгерлері қатысады: Телманов Дәулет, Қалқаман Сарин, Әскерхан Ақтай, Ерлан Жүніс, Бақытжан Райыс. Бауыржан Игілік, Естай Жаңабай, Олжас Керейхан, Оразай Жеңісұлы, Мерей Қарт, Қызырбек Дүргінбайұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Құмар Зиятхан, Мұратқан Кенжехан, Дана Исағұлқызы.
ШҚО шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары: "Алтай" фольклорлы-этнографиялық ансамблі, "Барқытбел" этно ансамблі. Вокалдық топтар: "An.Sal.Dar", "Назқоңыр", "Дарабоз", Нұргүл Қабдоллаева, Халық Хамит, Бабаханова Жаухаз.
14 маусым
- 11.00–16.00 – "Алтай – алтын бесігім" атты халықаралық ақындар айтысы. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы.
- 19.00–22.00 – "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық музыкалық фестивалі. ГАЛА-КОНЦЕРТ. Өтетін орны: Катонқарағай ауылы, ипподром.
"Алтайым – алтын бесігім" атты халықаралық ақындар айтысын ақын Аманжол Әлтай жүргізеді. Ақындар мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының басқарама төрағасы Жүрсін Ерман әділқазылар алқасына төрағалық етсе, Серік Қусанбаев бастаған, Дәулеткерей Кәпұлы, Бекарыс Шойбеков, Ахметжан Өзбеков, Бауыржан Ердембеков сынды ел ағалары ақындардың шабысы мен шабытына баға бермек. Аламан бәйгеге Дидар Қами, Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы, Серік Қуанған, Қуаныш Еркін сынды елдің сүйікті ақындары қатысады.
"Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық музыкалық фестиваліне 11 елден шақырылған әртістер: Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан, Саха Республикасы және басқа да түркі елдерінен шақырылған әртістер қатысады. Гала-концертте әйгілі "Музарт" тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, "Абырой" тобы, "Тұран" тобы және Әмре, тағы да басқа отандық жұлдыздар өнер көрсетеді.
Ашылу рәсімінің шарықтау шегі – Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне - Штандарттың символикалық ұсынылуы болады. Бұл жәдігер түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихи бірлігін және мәдени байланыстарын бейнелейді.