Өскемен
облачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +30°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +34°
$
519.51
611.83
¥
72.54
6.6
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайда халықаралық музыкалық фестиваль өтеді

Фестивальға Ресей, Моңғолия, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа да елдердің өнерпаздары қатысады

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайда халықаралық музыкалық фестиваль өтеді
Фото:
instagram/altayfest_2025

Гала-концертке қазақстандық мега-жұлдыздар шақыртылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық музыкалық фестивалі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Фестиваль бағдарламасы түркі халықтарының мәдени мұрасы мен тарихи сабақтастығының байлығын бейнелейді. Сахнада Ресей, Моңғолия, Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстан және басқа да елдерден арнайы шақырылған өнерпаздар: Архан Уйгу (Саха, РФ), Алексей Ховалыг (Тува, РФ), Болот Байрышев (Алтай, РФ), DEFNE (Татарстан, РФ), Дильмұрад Гүлмұрадов (Өзбекстан), Мұхаммед Әли Учар (Түркия), Сүбедей Самдын (Моңғолия), Нұрайым Ақылбекова (Қырғызстан) және басқалар өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, Қазақстан эстрадасының жұлдыздары "Музарт" тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, "Абырой" және "Тұран" топтары және басқа да орындаушылар келеді.

Фестивальдің шарықтау шегі ретінде Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне – Штандарттың символикалық сахналық көрінісі ұсынылады. Бұл жәдігер – түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихи ортақтығы мен мәдени байланысын білдіретін нышан.

Фестиваль аясында көрермендер этнографиялық сахналық қойылымдарды, тарихи композицияларды, дәстүрлі музыка мен билерді тамашалай алады. Фестивальдің мазмұнын ашатын тарихи қойылым төрт бөлімнен тұрады: "Терең тарихты Алтын Алтай", "Алтай – құпиялар мен байлықтар қоймасы", "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" және финал.

Фестиваль 14 маусым күні сағат 18.00-де Катонқарағай ауылындағы ипподромда болады.

Следующая →