Катонқарағай ұлттық паркінде қар барыстары фототұзаққа түсті
Аршаты және Алтай орманшылығында қар барыстары фототұзаққа тіркелді

Қар барыстары Қызыл кітапқа енген, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
2023 жылы қар барысының саны 152-189-ға жеткен.
Аршаты орманшылығында орманшы Жомарт Аманбаев; Алтай орманшылығының аумағында, Бүркітауы мекеніндегі Е. Қасымов пен инспектор А. Шакенов орнатқан фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барыстары (Panthera uncia) іліккен.
Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.