Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +18°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +26°
$
516.16
584.86
¥
70.99
6.25
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-дағы тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде

Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы өтіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-дағы тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілуде
Фото:
"AMANAT" партиясының ШҚОФ

Жобаның аясында "AMANAT" партиясының ШҚО филиалы мен облыстық мәслихат депутаты Дмитрий Сомов тыл ардагерлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Соғыс және соғыстан кейінгі ауыр кезеңдердің куәгерлері болған, тылда еңбек етіп, жеңіске үлес қосқан Қайникен Нұрсейітова, Наталья Волкова, Майжамал Сакееваға шынайы ризашылық пен құрмет білдіріліп, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

Біз үшін тыл еңбеккерлерін жеке барып құттықтау – үлкен мәртебе. Олардың естеліктерін тыңдап, сіңірген еңбектері үшін алғыс айту – парызымыз. Бұл – жас ұрпаққа берілетін маңызды тәлім, – деді "AMANAT" партиясының ШҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нұркенов.

Кездесу барысында ардагерлер сол бір ауыр да сындарлы жылдарды еске алып, көрсетілген қамқорлық пен ілтипатқа алғыстарын жеткізді. Мұндай іс-шаралар үлкенге құрмет, кейінгіге өнеге болып, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға ықпал етеді. "

Ардагерлерді ардақтайық" жобасы алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, өңір бойынша тағы да көптеген ардагерлерді қамтуды көздейді.

Следующая →