Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +27°
$
513.68
-1.35
583.03
-1.79
¥
70.39
-0.28
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Катонқарағайға әуежай салып жатқандар республикалық жолды бүлдірді

Құрылыс материалдарын тасымалдайтын ауыр техниканың қарқынды қозғалысы салдарынан жол жабыны мен инженерлік құрылыстар зақымдалған

Усть-Каменогорск и ВКО / Катон-Карагай (Катон-Карагайский р-он) / Катонқарағайға әуежай салып жатқандар республикалық жолды бүлдірді
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Енді мердігер компания бүлінген жол бөлігін жөндейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ауыр техниканың қарқынды қозғалысы салдарынан республикалық "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 252-ші шақырымнан 311-ші шақырымға дейінгі жол учаскесі бүлінген. Осы жолмен құрылыс материалдары жеткізілуде.

Жолды өз қаражатына қалпына келтіру міндеттемесін компания бас мердігерлермен үшжақты келісім арқылы бекітті. Компания жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп, көлемі мен мерзімін әріптестерімен келісе отырып атқарады.

Бұл жолдың жергілікті тұрғындар мен туристер үшін маңызды екенін жақсы түсінеміз. Сондықтан құрылыс материалдарын жеткізу барысында зақымдалған учаскені қалпына келтіруге дайынбыз. Жөндеу жұмыстары уәкілетті органдармен тығыз үйлестікте кезең-кезеңімен жүргізіледі, – деді компанияның өкілі Әсет Сұлтанов. 


Следующая →