Төменгі Тайнты ауылында жазғы лагерь маусымдық жұмысын бастады
Алғашқы лекпен мұнда Ұлан ауданынан 360 бала келді
Ұландық ауданының әкімі "Болашақ" жазғы лагерінің маусымдық ашылуына қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Балалар жазғы демалыстарын тиімді, денсаулықтарына пайдалы өткізуі үшін барлық жағдай жасауға тырысып жатырмыз. "Болашақ" лагерін биыл күрделі жөндеуден өткіздік. Балаларды тасымалдаудан бастап, барлық қауіпсіздік шараларына көңіл аударып отырмыз. Өзім үнемі келіп жатар жерлерінің тазалығын, тамақтарының сапасын тексеріп отырамын, - деді Ұлан ауданының әкімі Думан Рахметқалиев.
Жалпы саны 4654 оқушыға арналған жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьде демалушылар үшін барлық жағдай жасалған, оқушылар іс-шара жоспарына сәйкес демалатын болады. Балалар 5 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылып, бүлдіршіндердің демалыстарын таза ауада пайдалы өткізуі үшін жағдай жасалмақ.
Айта кетейік, биыл Ұлан ауданындағы барлық мектеп оқушыларының толығымен жазғы демалыстары ұйымдастырылады.